Алматы облысының Іле ауданында «Өтеген батыр Арена» спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған аренада футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға толық мүмкіндік бар.Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, әлемдік жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар мен тұрғындар қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген Ғани Айдарұлы жаңа нысанның стратегиялық маңызы зор екенін, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалғанын атап өтті.Спорт кешенінің жалпы аумағы – 3000 шаршы метрге жуық. Құрылыс жұмысы 8 ай бойы жүргізіл...